Жоғарыда аталған мұражайда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, тағылымды жиын болып өтті.
Жастар бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға тыл еңбеккері Бекболат Мұсантегі қатысып, жас толқынға соғыстың сұрапыл жылдары бас-тан кешкен тауқыметін баяндады. Отырысқа жиналғандар ақсақалды мұқият тыңдап, қасіретке толы кезеңге байланысты өз сауалдарын қойды. Прокуратура ардагері «Ақиқат пен аңыз», «Өмір және заңнама», «Өмір-керуен», үш томдық «Тағылымдар мен тағзым», «Халық қаһарманы» шығармаларының авторы.
Тағылымды шара қорытындысында қонақтарға өнерпаздардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, тарих залының «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясымен таныстырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.