Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мереке құрметіне еселі еңбегімен ерекшеленген әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттады.
Салтанатты шараның ашылуында Нұрлан Нұркенов жиналғандарды ұлық мерекемен құттықтады.
– Республикамызда мемлекеттік және кәсіби мерекелер баршылық. Алайда, ұлттық мереке біреу ғана. Бұл бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған мереке – Тәуелсіздік күні. Сол себепті, еліміздің керегесі кең, келешегі мол болсын, – дей келе, тәуелсіздік жолында қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге Алғыс хат табыс етті.
Жиын естелік фотосуретке түсумен тәмамдалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.