Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалы мүшелерінің «Отанға деген махаббатпен» атты көрмесі болып өтті.
Көрмеге көркем сурет, графика, гобелен, күйіктас, фарфордан жасалған жиырма шебердің алпыс тоғыз туындысы қойылды. Авторлар Көкше жері табиғатының сұлулығын әспеттеп, қазақтың ұлттық нышанын көрсетуге тырысқан. Мұнда өңіріміздің белді суретшілері, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, Көкшетау қаласының суретшілер одағының төрағасы Юрий Попов, сондай-ақ, Дулат Қоспанов, Анатолий Шаповалов сынды азаматтардың туындылары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Көрме қала тұрғындарының назарына бір ай көлемінде ұсынылмақ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.