Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы көш - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы көш

 

Тағдырдың тәлкегімен төрткүл дүниеге тарыдай шашылған алты Алаштың баласы Ата жұрт – Қазақ елі тәуелсіздік алысымен тарихи Отанына ағыла бастады. Ұлы көш басталды…

Соңғы көш… Бұл көш қазақтың қыстаудан жайлауға көшетін кезекті көші емес, ерекше көш. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем қазақтарының үшінші құрылтайында: «Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен Астана – Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Біз осы байтақ даланың шын иесі кім екендігін алыстың да, жақынның да есіне салу үшін жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңірдегі ұлттық дәстүрді, тілді, өнерді, әдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасадық. Біз болашақ ұрпақ үшін, еркін еліміз үшін жасадық» деген еді. Биылғы Тәуелсіздік мерекесінде байтақ елдің байырғы иелерін ата жұртына шақырған тарихи құжаттың қабылданғанына ширек ғасыр толып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шет жайлап, шалғайда күн кешкен қандастарымызды ата жұртқа шақырған «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» тақырыбындағы ашық хаты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Іле 31 желтоқсанда «Атамекенге келемін деуші ағайынға жол ашық» тарихи құжаты қабылданды. Сөйтіп, ұлы көш басталды.
Ұлы көштің басталуына негізгі себеп, айқын дәлелі – 1990 жылдың 25 қазанында бекітілген «Қазақ КСР-ның егемендігі туралы декларацияда шеттегі қазақтар атамекенге оралуға толық құқылы» деген бап енді. Ол бапты 1991 жылғы 16 желтоқсандағы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Заңда бұлжымастай етіп қайтадан бекітті. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігі еді. Шеттегі  қазақтар бөріктерін аспанға атып, тарихи Отанына оралудың қамына кірісті. Екі қазақтың басы қосылса, әңгіменің өзегі Қазақстан туралы болатын. 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында үкіметаралық келісім шарт жасалып, көш қарқыны үдей түсті. Шеттегісі ата жұртқа жетсек, іштегісі шеттегі қандастарды әкелсек деп армандады.
Көш – тәуелсіздіктің төл құрдасы. Алғашқы көш 1991 жылдың 17  наурызында  Ұланбатордан аттанып, 21-і күні  ата жұртына ат басын тірепті. Олар Талдықорған, Алматы, Павлодар, Қарағанды сияқты қазағы мол ортаға қоныстанды. Қабылдаған кеңшарлар баспана беріп, ақшалай көмек көрсетіп, алдарына мал салып, жұмысқа орналастырды. Ол кез кеңес үкіметінің көбесі сөгіле бастаса да, дүниенің мол кезі еді. Келген ағайындар еш нәрседен тарықпады. Көшті жетілдіру үшін 1993 жылы арнайы заң бекітілді. Еңбек министрлігінде көшті реттейтін департамент құрылса да, жөні түзу іс болмады, нарық талаптарына шыдай алмады. Осыны ойлаған ойшыл азаматтар көшті ілгерілетудің басқа жолын қарастырды. Қолданыстағы заңды өзгерту көзделді. Еңбек министрлігі жаңа заң  жобасын 1997 жылдың аяғында Мәжіліске әкелді. Бұл жоба шеттегі қандастардың мүддесіне сай келмеді. Заңға  Мәжіліс депутаты Ә.Ысқақ бастаған оралмандар тобы балама жоба ұсынды, үлкен тартыспен оралмандар жасаған жоба қабылданды. Бұл Заң қазақ елінде қазақша жазылған, қазақ ұлтының мүддесін қорғаған ең алғашқы заң болды. Заңға сай Көші-қон агенттігі құрылды. Төрағалығына Зауытбек Тұрысбеков тағайындалып, жедел іске кірісіп, «Этникалық қазақтарды көшіру» тұжырымдамасын жасады.
Тұжырымдамада оралмандарды ағайын-туыстарымен бірге қоныстандыру, алдымен іскер жандарды әкеліп, үй-жай салып, артынан отбасын әкелу сияқты ыңғайлы жобалар қамтылды. Агенттік оралмандар дерегін жасап, оралмандарға 2000-2001 жыл аралығында 4080 баспана сатып алып берді.
Сол кездегі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қажымұрат Нағманов облыс бюджетінен қаржы бөліп, 2001-2002 жылдары ауылдық жерлерден 367, облыс орталығынан 57 отбасыға үй беріп, басқаларға үлгі болды. Бұл жақсы үрдісті өзге облыстар да іліп әкетті. Көш басталған 8 жылда  15 мың адамның азаматтық алуға қолы әрең жетсе, 2000 жылы 100 мың адамның Қазақстан азаматтығын алғаны зор жетістік болды. Бұл мәселені Елбасымыз Моңғолияға барған сапарында тікелей өзі араласып шешкен болатын. Елбасымыз Ауғанстандағы қазақтардың қиын жағдайына алаңдап, сол елдегі қандастарымызды шекаралас елдердің әуе кеңістігін 24 сағатқа аштырып, елге әкелгені биік беделі мен ұлтына деген махаббаты, айрықша қажыр-қайратының арқасы еді.
Моңғолия қазақтарынан кейін Қытай, Түркия, Иран, Ауғанстан, кейінірек Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан қазақтарының көші басталды. Шетелдегі қазақ диаспорасының жастарын атамекенінде оқыту жүйесі 1994 жылдан бастап қалыптасып, бір жүйеге түсіп келеді. Бүгінгі таңда бес мыңнан астам жастар Қазақстанның жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарында білім алуда.  
Әлем қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992 жылы Алматы қаласында  өткізілді. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасары болып жазушы Қалдарбек Найманбаев сайланды. Тәуелсіздік жылдары Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы төрт рет өткізілді.  Екінші құрылтай 2002 жылы ұлтымыздың рухани астанасы Түркістан қаласында өтті. Үшінші құрылтай 2005 жылы елордамыз – Астана қаласында ұйымдастырылды. Төрағаның бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев дүниеден озған соң Талғат Мамашев сайланды. Соңғы төртінші құрылтай 2011 жылдың мамыр айында екінші рет Астана қаласында өтті. Құрылтайға 700 өкіл қатысты. Ақмола облысынан қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, облыстық «Арқа ажары» газетінің бұрынғы бас редакторы, жазушы Жабал Ерғалиев, ұлтжанды азамат Ғосман Төлеғұл, «Нұр Отан» партиясының Егіндікөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұтбай Серікбаев және мен қатыстым.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Моңғолиядан 61609 қазақ көшіп келіпті. Сөйтіп, бір кезде тағдырдың тәлкегімен ата жұртынан еріксіз қоныс аударған Алаш баласы топтаса бастады. Қазақстандағы жергілікті ұлт өкілдерінің саны ғана емес, мәдени, рухани әлеуеті де арта түсті. Соңғы көш айдын шалқарға құйылған жылы бұлақ іспетті болды.
Дахан ШөкшІр,
журналист.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар