Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құрметіне Атырау қаласында «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты халықаралық жыр мүшәйрасы болып өтті.
Мүшәйраға өз елімізден, сондай-ақ, Қытай мен Моңғолиядан 120-дан астам ақын қатысты. Қазылар алқасы мүшәйраға түскен шығармаларды іріктей келе, 1 миллион теңгенің көлеміндегі бас жүлдеге Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, айтыскер ақын Арман Бердалинді лайық деп таныды. Біз жерлесімізге алда да жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.