Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашақтың бағдары айқын - АРҚА АЖАРЫ

Болашақтың бағдары айқын

Аудандық Үмбетай жырау атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын ауданның еңбек ұжымдарының мүшелері мұқият саралап, саяси құжаттың мазмұнына өз пікірлерін білдірді.

Мәдениет саласының қызметкерлері ел бірлігінің нығайып келе жатқандығы жайында айтты. Сан ғасыр бойы жалғасып келе жатқан, жыл өткен сайын байып, түрленіп, өзгеше мағынасы толықтырылып жарқырай көрінген ұлттық салт-дәстүр жаңа заманның жарқын бейнесіне лайық мазмұнмен үстеліп, толықтырыла түсуде. Ауданда өткізілетін әрбір мәдени шараның негізгі түпқазығы – ел мұраты. Мемлекет тарапынан мәдениет ошақтарына қамқорлық көрсетілуде. Ол туралы Жолдауда да айтылды. Онда былай делінеді: «Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы, халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.
Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік».
Шынында да, өткен тарих екшеліп, ғасырлар қойнауындағы жәдігерлер уақыт тозаңынан аршылып алынып жатыр. Соның барлығы жаңа ұрпақты қалыптастыруға қызмет етеді. Аудандық мәдениет үйінің әдіскері К.Зейда былай деді: «Мен өз тағдырымды мысалға келтіре аламын. Мен Қазақстанда туып-өстім, тегін білім алдым, үлгілі ұжымда жұмыс істеймін, мемлекет менің еңбек етуіме, дем алуыма, емделуіме кепілдік беріп отыр. Қарапайым адам үшін бұдан артық не керек».
Өткен жылдар ішінде қазақ елінің қол жеткізген толағай табыстары сараланып айтылды. Білім саласының қызметкерлері де білім сапасын көтеру төңірегіндегі ой-пікірлерін білдірді. Осы орайда, Елбасының бәсекеге қабілетті ел ретінде қалыптасу туралы пікірін тірілте келе, осы бір ой-жоспардың әрідегі негізі білімнен бастау алатындығы өте орынды айтылды.
Қазақстандықтардың бойындағы отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру және одан әрі дамыту, еліміздің әрбір жеткіншегі үш тілді бірдей меңгеру талаптарының үдесінен шығатын оңтайлы жолдар, жауапкершілігі мол міндеттер тілге тиек етілді.

Майя СНЕГИРОВА,
Ерейментау аудандық білім саласы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар