Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлер саны өсетін емес - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлер саны өсетін емес

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Есіл және Аршалы аудандарында 2013-2014 жылдардағы аймақтық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен оны әрі қарай дамытудың міндеттері сараланды.

Облыстық мәслихаттың депутаты, комиссияның төрағасы Нартай Ысқақов  жиынды ашып, тұрақты комиссия мүшелерінің Есіл ауданына барған сапары жайлы баяндап берді. Жауапкершілігі шектеулі «ИнфоТехСервис-Есіл» серіктестігінде болып, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында қолға алынған жұмыс қарқынымен танысқан. Мекеме  облыстағы барлық  кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының есеп-қисаптарын жүргізіп, салық төлеуден кеңес береді. Бүгінде компанияның қызметіне екі жүзге тарта кәсіпкерлер мен  өзге аудандардың ұйымдары жүгінеді. Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың депутаттары «Варварюк» жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен жете танысып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына назар аударды. Аудан орталығындағы алыс-жақын шет елдерден жұмыс бабымен немесе демалуға келетін «Тұмар» қонақ үй кешеніне барып, ғимараттың  ішін аралап көрді. Отырыста сөз алған  Есіл ауданы әкімінің орынбасары  Гиммұхамед Сағнаев ауданның тұрмыс-тіршілігімен таныстырды. Баяндамасына жүгінсек,  2013-2014 жылдар аралығында заңға қайшы көптеген олқылықтар орын алған. Мұнда қаржының игерілмеуі, мемлекеттік сатып алу үдерісін әділ өткізбеу сынды  мәселелер қаралды. Айта кетерлігі, өңірде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің саны өте аз. Сәйкесінше, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аудан оныншы орынды иеленіп отыр.
Ал, Аршалы ауданы әкімінің  орынбасары Әділбек Ыбыраев әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді сөз етіп, бағдарламаларды орындау 95,7 пайызды құрайтынын мәлімдеді. Өңір Астанаға  жақын орналасса да,  кәсіпкерліктің даму деңгейі төмен екенін атап өту қажет.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар