Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Нұр Отан» партиясында мемлекеттік наградаларды тапсыру және партия белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында Ақмола облысы Ерейментау аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сара Дүйсембаева да бар.
–Тәуелсіздік – Қазақстан халқының теңдесі жоқ бақыты. Елбасының парасатты саясатының арқасында Қазақстан бүгінгі таңда әлемдегі алпауыт елдермен терезесі тең, өз орнын тапқан мемлекетке айналып отыр, – деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов партия белсенділеріне жоғары наградаларды тапсыру рәсімінде сөйлеген құттықтау сөзінде. Ол сондай-ақ, бұл шараның партия қызметкерлерін Елбасының стратегиялық бағытын жүзеге асыруға ынталандыру болып табылатынын да атап көрсетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.