Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанға жақын, жүрекке жылы - АРҚА АЖАРЫ

Жанға жақын, жүрекке жылы

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аса зейін қойып тыңдадық. Артынша газеттен оқып, ой елегінен өткіздік.

Жолдау  алға қойған негізгі мақсатқа жетуге негізделген. Мұнда тек алда тұрған міндеттер тізбегі емес, оларды қалай жүзеге асыру, қандай істерге жете мән беру керектігін нақтылайды. Елбасының елмен емен-жарқын әңгімесінде ашығын айтқан тұстары да болды. Әсіресе, ұлттық теңгеміздің құлдырауына жол бермеу, ірі кәсіпкерлердің, байшыкештердің  танкі секілді көлік мініп, табақтай телефон ұстағанды, даңғарадай үйде тұрғанды мақтан тұтпай, шетелдердегі жинақтаған ақшаларын ел экономикасына салып, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік салаға көңіл бөлуі жайлы айтқаны көңілімізге қонды. Мемлекет басшысы 2017 жылдан бастап «Тегін кәсіптік-техникалық білім» атты жаңа жобаның бағдарламасы басталатынын айтты. Бүгінгі таңда  ауылдық елді мекендерде арнайы білім ала алмай жүрген жастар көп. Олардың ақылы оқуға жағдайлары жоқ. Сондықтан, Елбасының сөзі өте-мөте көңілімізге қонды.
Біздің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ардагерлер ұйымында 73 зейнеткер тіркелген. Олардың бәрі де келешектен, әсіресе, балаларының келешегінен үмітті. Жолдауда адамдардың тұрмысы мен денсаулығының түзелгені жөнінде айтылады. Халық санының өсуінің нәтижесінде адамның орташа өмірі  72 жасқа ұзарды. Мәселен, біздің ұйымдағы қарттардың дені жетпістен асқандар. Арамызда жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Социалистік Еңбек Ері Тұрлыбек Әбілпейісов тоқсан жасты алқымдады. Сексеннің сеңгірінен асқан Владимир Корябкин осы күнге дейін қалалық көркемөнерпаздар үйрмесінде ән шырқайды. БАҚ беттеріне мақала жазудан да тартынып көрген емес. Бүгінгі таңда Меңзада Аяпова, Совет Балтабай, Римма Сучилова, Өтелбай Елбергенов, Мейрамбек Қиықов тәрізді зейнеткерлер қоғам жұмысына белсене араласып жүр.
Қазір әлем елдерін экономикалық дағдарыс жайлауда. Осы аса күрделі  кезеңде Елбасының инфляция деңгейінің алдын алғаны халыққа, соның ішінде егде адамдарға деген қамқорлық.  Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жөнінде айтқан сөздері де көңілімізге қонды. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіреміз дегені әр адамның отансүйгіштік сезімін шыңдай түсуде.

Алтай  НҰРҚАСЫМОВ,
   облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
 ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар