Застанционный кентіндегі қалалық кітапханада тәуелсіздік тағылымдарын жалындаған жыр тілімен өрген мүшәйра болып өтті.
Ел егемендігін, халқымыздың сан ғасыр бойы аңсаған тәуелсіздігін татымды тақырыпқа айналдырған жас ақындар желтоқсанның ызғарын жыр жылуымен жалындатып, тыңдаған қауымның ризашылығына бөленді.
Қатысуға тілек білдірушілердің көптігіне қарағанда жастардың қасиетті сөз өнеріне деген ықыласын аңғаруға болады. Қазылар алқасының шешіміне орай бірінші орынға №18 мектептің оқушысы Жазира Нұртаева ие болды. Екінші, үшінші орындарға №14 орта мектептің оқушылары Әйгерім Жасқайратова мен Нұрай Жасұлановалар ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.