Таяуда Атырау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әйелдер мен ерлер, жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өткізілді.
Дүбірлі додаға Ақмола облысының екі спортшысы қатысып, бақ сынады. Жарыстың алғашқы күні 90 келі салмақ дәрежесінде өткізілген ерлер арасындағы жарыста Денис Егоров қола медальға ие болды. Денис жоғары спорттық шеберлік мектебінің жаттықтырушысы Нұртас Шәткеновтың шәкірті.
Жарыстың екінші күні тағы бір ақмолалық спортшы Аслан Зейноллаев күміс жүлдеге ие болды. Ол ерлер арасында өткізілген жауынгерлік самбодан 68 келілік салмақ дәрежесінде күш сынасқан болатын. Асланды Нұртас Шәткенов пен Жасұлан Жантасов жаттықтырады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.