Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іске серпін берді - АРҚА АЖАРЫ

Іске серпін берді

Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы биылғы жылдың жұмыс қорытындысы жөнінде өңірдің бизнес қауымдастығымен есеп беру кездесуін өткізді.

Облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және кәсіпкерлер қатысқан жиналысты ашып, жүргізген облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин өз сөзінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басымдылықтарының бірі– әкімшілік кедергілерді болдырмау қажеттігін атап өтті. Биыл бизнесті қорғау бағыты бойынша 270 өтініш түссе, оның үштен бірі шешіліпті. «Стерх» серіктестігі мен жеке кәсіпкерлер Куликов пен Часовниковтың мәселесі бір жылдан астам уақыт шешілмеген. Кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру үшін облыс аудандарына іссапарлар ұйымдастырылған. Мұндағы кездесулер барысында кәсіпкерлердің проблемасы шешіліп, заң және экономикалық мәселелер бойынша кеңес беріліп жүр. Лауазымды тұлғаларға қатысты көптеген өтініштер қаралып, кінәлілер тәртіпке шақырылды.
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ, Степногорск қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасында биыл кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Сәуір айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының бастамасымен іскер әйелдер кеңесі құрылды. Оның аясында Зеренді, Бұланды, Бурабай аудандары мен Степногорск қаласында көшпелі семинар болып өтіп, аудандар мен селоларда әйелдер бизнесінің басым бағыттары анықталды. Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында бизнесті сервистік қолдау бойынша облыстың барлық аудандарында сервистік қызмет көрсету үшін шешім қабылданды.
Қысқа мерзімде 30 кеңесші таңдап алынып, өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес жөнінде тегін кеңес бере бастады. Бүгінгі таңда палата сервистік қызмет көрсету жөніндегі жоспарды асыра орындап отыр. 1,3 мыңнан аса кәсіпкер бухгалтерлік, заң және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтер тәрізді сегіз бағыт бойынша тегін қызметтер алды. Бір мыңнан аса кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті жаңа бастағандар «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқып, қаржылық есепті жүргізу, бизнес-жоспарды жасау жөнінде білім алғанын да айта кету керек. Өңірлік даму картасын жасау бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Картаға енгізілетін инвестициялық жобаларды іріктеу мақсатында облыстың алты ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді. Мәселен, Целиноград ауданындағы кірпіш зауытының құрылысына инвесторлар тартылды. Тамыз айында өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Қазақстанның үздік тауары» конкурс көрмесі өткізілді. Шараға облыстың 19 кәсіпорыны және жеке кәсіпкерлері қатысып, конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Кәсіптік бағыт беру тәрізді әлеуметтік бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әртүрлі конкурстар өткізіліп, палата тәжірибе алмасу жөнінде 5 кәсіпорын мен 6 колледж арасындағы құжатқа қол қойды. Биыл аталмыш ұжым 5 колледждің оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік негізі»  тәртібін енгізуді ұсынды.
Жиналыста облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарлары Валентина Геращенко мен Фатима Герфанова, бөлім басшысы Айжан Тәжмиева жыл бойы атқарған жұмыстары жөнінде айта келе, палатаның кәсіпкерлікке серпін бергенің атап көрсетті.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар