Ұзақ жылдар бойы Швейцариядағы Инсам басқармасы мен бизнестің жоғары институты білім беру саласындағы үлгілі оқу орындарын анықтау мақсатында сараптама жүргізіп келеді. Осы жолы Көкшетау медицина колледжі сараптамашылардың ұйғарымы бойынша осындай оқу орны болып танылып, халықаралық «Золотая сова» сыйлығымен марапатталды.
Сыйлық аталмыш колледждің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл еліміздің дамуына толымды үлес қосып келе жатқан оқу орнының алғашқы жеңісі емес. Тек өткен оқу жылы ішінде ғана аталмыш оқу орнын бес жүзден астам мамандар бітіріп шықты. Олардың 80 пайыздан астамы жұмысқа орналасты. Колледжде оқу ісінің инновациялық әдіс-тәсілдері қолданылуда. Білім алушыларға жоғары кәсіби білікті оқытушылар сабақ береді.
Мақтанышпен айтарлық марапатқа ие болған колледж ұжымына жетістіктеріңіз баянды болғай деген ізгі тілек білдіреміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.