Көкшетаулық Асхат Ғалеев киокушинкай-кан каратэден «KAZAKHSTAN OPEN» халықаралық турнирде әлем чемпионы атанды.
Жерлесіміз ақтық кездесуде Ресей чемпионы Владимир Беженарды нокаутпен жеңді. Асхат кумитэ тәсілі бойынша
1 орын, ката тәсілі бойынша 2 орыннан көрінді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында өткен турнирге Қазақстан және Ресей елінен келген 300-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Азамат Тәкенов пен Федор Юн жаттықтыратын Ақмола облысынан барған спортшылардың сапында болған 30 келі салмаққа дейінгі 8-9 жастағы балалар арасында Сергей Духов (1 орын), ауыр салмақтағы әйелдер арасында Әлемгүл Сабырхан (1орын), 75 салмаққа дейінгі ерлер арасында Берік Құрманғалиев (1орын), жасөспірімдер арасында Мирас Ержанов (2 орын) Әсем Мұхамеджарова (3 орын) жеңіске жетті.
Сонымен қатар, «KAZAKHSTAN OPEN» халықаралық турнирі барысында 2015 жылдың қорытындысы бойынша Киокушинкай-кан Каратэнің Ұлттық Республикалық филиалының Ақмола филиалы ең үздік деп танылды.
Аслан ОСПАНОВ.