Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 285,3 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт үлесі 102,9 миллион (36,1 пайыз), импорт үлесі 182,4 миллион (63,9 пайыз) болды.
Осы аралықта Ресей Федерациясына 101,3 миллион АҚШ долларының тауары экспортталса, импорт үлесі 172,9 миллион АҚШ долларын, Беларусь республикасына да 1,1 миллион АҚШ долларының тауары экспортталып, импорт көлемі 9,4 миллион АҚШ долларын құрады.
Сондай-ақ, Қырғызстан республикасына 0,5 миллион АҚШ долларының тауары сатылып, ол жақтан 0,1 миллион долларының тауары әкелінді.