Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаланың бас қақпасы және шырша шаттығы - АРҚА АЖАРЫ

Қаланың бас қақпасы және шырша шаттығы

Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласына кіре берісте жаңадан салынған еңселі, сәулетті қала қақпасының ашылуына және Тәуелсіздік алаңында орнатылған жаңа жылдық шырша шамдарын жағу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

  Облыс орталығына Астана бағытынан кіре берісте орнатылған сәулетті құрылыстың биіктігі 15 метр,  ұзындығы 40 метр. Орта тұсында үлкен әріппен Көкшетау қаласының атауы көрнекті етіп жазылған. Нысанның ашылу салтанатында өңір басшысы еңселі қақпаның Астаналық облыс орталығының мәртебесін асқақтатып тұратынын атап өтті.
– Осыдан 17 жыл бұрын қақпа салған болатынбыз. Одан бері қыруар уақыт өтті.  Сондықтан, біз қала қақпасын күннен-күнге құлпырып,  гүлденіп жатқан Тәуелсіз еліміз тәрізді жаңарту қажет деп шештік.  Бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Бұл қақпа Көкшетау қаласындағы әсем сәулет нысанының бірі болатыны сөзсіз.  Осы іске ортақтасып,  қол ұшын созған кәсіпкерлер мен құрылысшыларға алғысым шексіз, –  деді облыс әкімі.
Осы күні облыс әкімінің қатысуымен Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңында орнатылған жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды.
Осынау шараны тамашалауға қала тұрғындары мен мектеп оқушылары көп жиналды. Салтанатты шараға балалардың  дені Жаңа жыл мерекесіне сай киініп келіпті.
Шара барысында облыс әкімі жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, сондай-ақ, биылғы жылды табысты аяқтап, алдағы жылда ізгі жақсылықтарға жетулеріне тілектестігін білдірді.
Бұдан соң шырша шамдары жағылып,  алаң үстінде әсем әндер қалықтап,  түрлі билер биленді. Ел шат-шадыман, Жаңа жыл – жақсы тілек, үлбіреген үміт. Аспанға атылған түрлі-түсті от шашулар да мерекелік думанның көрігін қыздыра түсті.

 

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар