Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттар достығының жарқын бейнесі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттар достығының жарқын бейнесі

Біздің еліміз –  көпұлтты мемлекет. Қай ауылға   барсаң да, бауырлардай тату-тәтті өмір сүріп жатқан  сан халықтың өкілдерін кездестіресің. Осы орайда, бұл бейбіт күнге сеп болған басты құқықтық негіздің  Ата Заң екендігін атап өткен абзал.

Конституцияның 19-бабында  «Әрбір азамат өзінің ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, тіл қарым-қатынасын, тәрбие мен оқытуды таңдауға  құқылы» деп  атап көрсетілген. Бір ғана мысал. Ақкөл ауданының Амангелді ауылында бүгінде бес  ұлттың өкілдері тұрады.  Сонау өткен ғасырдағы қырқыншы  жылдардың  басында он бес шақты татар  отбасы  көшіп келді. Соларға арнап  ұжымшар  жаңа үйлер салып берді.  Ол көшені ауылдағылар  татар көшесі деп атап кетті.  Біздің үй әлгі көшенің бас жағында болатын.  Мен онда кішкентай баламын.  Есімде бар ата-анам  көршіміз Хабиболла  бабаймен жақсы араласып тұрды.  Соның нәтижесі болар, олар біраз жылдардан кейін Қарағанды қаласына көшіп кетсе де байланыстарын үзбей,  мен институтқа түскенде қастарына алды. Ол үйде үлкен  жігіт болып қалған Набиолла, Батден есімді студенттер бар еді.  Бір-бірімізге бауыр басып қалғандығымыз сонша, олар менің  туған ағаларымдай  болып кетті. Батден Зиятдинұлы қазір сексеннен  асты, әлі  туысымыздай араласып тұрамыз.  
Ал, Талып Богманов ақсақал біздің ауылға  қоныстанғаннан кейін   бау-бақша отырғызумен шұғылданды.  Бұрын мал шаруашылығымен ғана айналысқан  жергілікті тұрғындар  татарлардан үйреніп, үйлерінің жанына картоп еге бастады.  Бұл кісінің төрт қызы қазақ  жігіттеріне тұрмысқа  шықты.  Сол  сияқты Халла Абулхановтың балалары да басқа ұлт өкілдерімен  аралас-құралас болып кетті.  Баласы Сабиль белорус қызы Татьянаға үйленді. Сабильдің анасы ауыр халде жатқандағы оның қамқорлығын, еңбегін ауыл әлі жыр қылып  айтып жүр.  Атайдың тағы бір немересі белгілі опера әншісі.
Сталиннің нұсқауымен  1943-1944 жылдары ингуштарды  жаппай жер аудартқанда, бірнеше отбасы біздің ауылға келіп орналасты.  Олар да өздерін өзекке теппеген жергілікті халықтың  қамқорлығына  ризашылықтарын білдіріп жүрді.  Солардың ішіндегі  Потиевтер әулетін айта кетейін.  Қазір Алматы қаласында тұратын   Иса Османұлының отбасының тұрмыстық жағдайы нашар еді.  Көпбалалы  жанұя бірнеше қазақ  балаларын асырап, оқытып, өз балаларындай тәрбиеледі.  Осы бір игі іске олар отыз жылдай ғұмырын арнады. Бүгінде сексенді  алқымдап қалған Амангелді ауылында  тұратын Жүсіп Потиев өзін қазақпын деп есептейді. Ол қазақтың салт-дәстүрлерінің  бәрін құрметтейді және өз отбасында сақтайды. Тіпті, жергілікті ұлт өкілдерімен құдандалы,  жекжат  болып алды. Баласы  Мансұр Гүлмираға, ал, немересі Тимур татар қызы Земфираға  үйленді.
Тың және тыңайған жерлерді  игеру жылдары   талай шаңырақ Белорусиядан көшіп келді. Олар да жатсынбай, жергілікті халықпен етене араласып кетті. Байтақ Қазақстанымыздағы  кішкентай ауылдың үлгісіндей  ұлтаралық достықтың жарқын бейнесін байқауға болады.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың да  Қазақстан халық-тарының Ассамблеясын  құрудағы негізгі мақсаты – ұлтаралық  татулықты нығайтып, елімізді  бай-қуатты  мемлекеттердің қатарына қосу болып табылады. Ешкімді ұлтына қарап бөлмей, адамгершілігіне, азаматтығына қарап бағаласақ, дұрыс болады ғой деп ойлаймын.

  Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар