Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мөлдірдің» алар асуы көп - АРҚА АЖАРЫ

«Мөлдірдің» алар асуы көп

Бүгінгі қоғамда бауыр еті – баласының білімді, мұнымен қоса, өнерлі болып өскенін қаламайтын ата-ана кемде-кем. Баласын спортқа, ән мен биге баулу үшін ақылы үйірмелерге дейін апарып жүр. Ал, кейбіріне мына қымбатшылық заманында «балам өнерлі болсын» деген арманын ығыстырып қоюға тура келіп жатады.

Осы орайда тура бір жыл бұрын облыс орталығындағы Достық үйі жанынан ашылып, қазіргі таңда балғындарды, жастарды биге тегін үйретіп жүрген «Мөлдір» би үйірмесі көптеген отбасыларға  көмек-қолдау болып отыр десек, артық айтқандық емес.  
Бәз-біреулер тегін үйірмеде қайбір дұрыс сабақтар жүреді деп ойлап қалмасын. Тәжірибелі хореограф Анна Галяеваның  жетекшілігімен би ұжымдарының өнер саласында керемет жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқандығына Достық үйінде болғанымызда өз көзімізбен куә болған едік.
Балалардың би жаттығуларына бар жан-тәнімен берілуі үшін оларға еш нәрсе де кедергі келтірмеуі тиіс екендігін айтқан Анна есікті іштен
жауып алды. Ал, ата-аналары сыртта қалды. Ұстаздың әр қимылын бағып, әр сөзін ұйып тыңдаған өрімдей қыздардың биге деген құштарлығына сүйсіне қарадық. Біреуі аяғын көтере алмай, енді біреуі дұрыс иіле алмай жатса, оған қалай істеу керектігін үйретіп, бар ынта-ықыласымен балаларды биге баулуға тырысқан Анна Илиничнаның да өнер адамына тән мәдениеттілігі, қарапайымдылығы бізді бірден баурап алды. Қыздарға бидің бір-екі иірімдерін көрсетіп келіп, бізбен де әңгімелесті.
– «Мөлдір» атты би тобымыз өткен жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді. Ұжымда бестен он сегізге дейінгі балалардан тұратын барлығы төрт топ бар. Осы жылдың шілде айында Астана қаласына барып, халықаралық байқауға қатысып келдік. Жетістігіміз жаман емес. Қазылар алқасы өнерімізге тәнті болып, жүлделі бірінші орынды қанжығамызға байлады. Естелік ретінде кубокпен және мақтау қағаздарымен марапатталдық, – дейді «Мөлдір» би тобының жетекшісі Анна Галяева.
Бұл би ұжымы ассамблеямен тікелей байланысты болғаннан кейін, мұндағы бишілер көбінесе халықтық билерге жоғары мән береді. Астана қаласында өткен байқауға да орыс халқының биін дайындап алып барған.
Біз болған бүлдіршіндер би ұжымында қазіргі таңда отыз бала бар. Жаттығулар барысында хореограф олармен жеке де, топтасып та дайындық жұмыстарын жүргізеді. Аннаның күнделікті сабағы сергіту жаттығуларынан басталады. Одан кейін шәкірттеріне денені қалай ұстау керектігін, акробатика, би мәнерін үйретеді.
Әр бала өзінше ерекше. Биге сәл ертеректеу, шамамен 3-4 жасында барған балалардың қимылы ширақ, гимнастикадан да хабары молырақ болады екен. Сондықтан да, ондай балаларға кез-келген би ұжымына тез үйренісіп, берілген тапсырмаларды да мүлтіксіз орындау аса қиынға соқпайды. Әрине, балалардың денесі нәзік, қимылға тез иілгіш келетіні өз алдына, олар жаттығуларды да лезде санада сақтап қалатынын Анна бізге зор ықыласпен әңгімелеп берді. Алайда, ата-аналары осында еріксіз әкеліп, кейіннен биге ешқандай құлшынысы байқалмай, кетіп қалып жататындар да кездесетін көрінеді. Сөз арасында кейіпкеріміз «баланың не нәрсеге икемі барын байқап отыру, болашақта кім болғысы келетінін сұрау, жанын ұғыну аса маңызды» деген пікірін ата-аналарға жеткізуімізді өтінді.
Осы орайда, баласын осында әкеліп жүрген ата-аналарды да сөзге тартқан едік. Көкшетау қаласының тұрғыны Самал Қажығалиева қызы екі айдан бері осы үйірмеге қатысып жүргенін айтты. Одан бұрын айына үш мың теңге төлейтін жерге барып жүрген екен. Ата-ана өз сөзінде хореограф Анна Галяева жайлы жақсы пікірлер білдіріп, оның кәсіби шеберлігін, жұмысқа деген тиянақтылығын, адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтті.
Иә, би өнері Аннаның бойына тумысынан берілген қасиет. Осы дарыны оны киелі өнер жолына, ұлы ұстаздық жолына алып келді. Мектеп бітіре салысымен Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжіне оқуға түскен талантты жас кейін білімін шыңдау үшін Челябинск қаласына аттанып, онда мәдениет және өнер мемлекеттік академиясын тәмамдап келген.
Бізбен әңгімесінен кейін Анна балаларды көп күттірмейін деп сабағын одан әрі жалғастырып әкетті. Ал, біз олардың мың бұралған билерін сырттан тамашалап тұрып, «бұл балғындардың болашағы зор екен» деп іштей қайталай бердік.     

 Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар