Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге ерекше үлес қосқаны үшін Сенат депутаты Жабал Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Алғыс хаты» мен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Жазушы-драматургтың қазақ хандығының құрылу тарихына арналған «Қилы жол» драмасын Тараз қаласында өткен республикалық салтанатты шарада Алматыдағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры «Тараз» стадионында сахналаған болатын.