Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Татулық – елдіктің биік өлшемі - АРҚА АЖАРЫ

Татулық – елдіктің биік өлшемі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Уақыт бір орында тұрмайды, ол біздің алдымызға сараптамалық жұмысты жетілдіріп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда халықтың әр табын қатыстыру сияқты жаңа міндеттер қояды», – деп атап өткен болатын.

Бұл бағытта біздің облысымызда нақты шаралар қолға алынуда. Бүгінде Ақмола ассамблеясы барлық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер, саяси партиялар,  жастар ұйымдары, еңбек ұжымдарымен  тығыз қарым-қатынаста. Олармен жұмысты барынша жетілдіріп келеді. Өңірлік  ассамблеяның құрамында 116 елге сыйлы азамат бар. Олар:  облыстық, аудандық этно-мәдени бірлестіктердің  жетекшілері,  ғылыми-сараптамалық орталықтың, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, Балалар мен жастар ұйымдары, Халықтық қолданбалы өнер шеберлері қауымдастықтарының мүшелері. Ассамблея мүшелерінің барлығы да  аймағымызды мекен еткен этностардың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауға өлшеусіз үлес қосып отыр.
Қолға алған осы жұмыстарды жетілдіру, жергілікті жердегі жағдайды зерттеу мақсатында облыстық ассамблея хатшылығы түрлі деңгейдегі кеңестердің көшпелі отырыстарын аудандарда өткізіп тұрады. Аталған жиындар барысында өзара сенім мен сый-құрмет жағдайында бірқатар өзекті мәселелер оңтайлы шешімін табады. Бұдан басқа, Ақмола ассамблеясының жұмысын ғылыми тұрғыдан қолдау, этносаралық қатынастарды жүйелі және мақсатты түрде мониторингілеуді ғалымдар, тарихшылар және саясаттанушылардан құралған ғылыми-сараптамалық орталық жүзеге асырады.  Орталық мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктердегі идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындаған  ғылыми-әдістемелік,  ақпараттық материалдарды жариялап отырады.  Аталған жұмыстардың барлығы да діни экстремизмнің алдын алып, жас ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.
Ұлтаралық татулық мәселелерін жан-жақты, салмақты түрде облыстық ассамблея жанындағы Журналистер клубының мүшелері жариялап отырады.  Оған республикалық, облыстық, қалалық газет, телеарна, радиолардың тілшілері мүшелік етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов  осы клубтың кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ассамблея жұмысын көрсетудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айрықша атап өткен болатын. Бұған аталған қоғамдық ұйымның қоғамдық-саяси үрдістердегі рөлінің жеті жыл бұрынғы 25 пайыздан 85 пайызға көтерілгендігі дәлел бола алады. Бұл – этносаралық татулықты сақтаудағы аталған теңдессіз институттың қоғамдағы орнын, деңгейін көрсететін қарқынды өсім.
«Халықтың  әр буынына қажетті ақпаратты біздің қалай жеткізетіндігіміз маңызды.  Бұл – журналистер үшін бірінші кезекте тұрған міндет, әсіресе, этникалық тақырыпта қалам тербеп жүргендер бұған ерекше назар аударулары қажет. Біздің басты мақсатымыз – қарапайым жұртшылыққа түсініксіз, саяси тұжырымдағы ойлардың тігісін жатқыза жеткізу.  Тек солай ғана біз өз аудиториямыздың жаппай қызығушылығын оята аламыз», – деген болатын жоғарыда аталған жиында сөйлеген сөзінде  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналис-тер клубының мүшесі Ғаділбек Шалахметов.  Ол ассамблеяны әр музыкант өз партиясын жақсы білетін симфониялық оркестрмен салыстырып, олардың бірлесе баршаға түсінікті ортақ әуен тудыратындығын тілге тиек еткен еді.  Ассамблея да дәл солай бір деммен жұмыс істеуге тиіс. Оған мүшелік ететін халықтардың саны қаншалықты көп болмасын, оның бәрі әр қазақстандыққа түсінікті туындыларды тудыруға тиіс.
Мемлекеттік тіл мен өңірімізді мекен еткен этностардың тілдерін дамыту – облыстық ассамблея  жұмысының басым бағыттарының бірі.  «Қоғамдық келісім» сарайында  тіл меңгерту курстары жұмыс істейді. Бұл бағытта қазақ ән өнерін жан-жақты насихаттауға мүмкіндік беретін «Қазақша караоке» сайысының қатысушыларының саны күн санап артып келе жатқан дәстүрлі байқауға айналғандығын атап өткен абзал. Аймақ халқының сегіз тілін үйрететін «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің де шәкірттердің білімдерін жетілдіріп, олардың бойында сол ұлттардың салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттырудағы орны ерекше. Шәкірт демекші, жуырда облыстық «Видергебурт» неміс қоғамы  мектепке дейінгі жастағы балаларды қосымша даярлықтан өткізуге мүмкіндік беретін «Вудеркинд» орталығын  ашты. Ондағы балғындардың бойына  жастайынан жалпықазақстандық құндылықтар сіңірілетін болады. Облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Көкше дидары» атты газетті шығаруды қолға алды.
Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары да жиі ұйымдастырылып тұрады. Біз осы бір аз ғана уақыттың ішінде  «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» республикалық эстафетасы аясында біз «Тайқазанды» ізгі істерге, мейірім шуағына толтырып үлгердік. «Жақсылық жасауға асық!», «Сенің қаныңның бір тамшысында – Біреудің өмірі!» қайырымдылық акцияларына да  ақмолалықтар белсене қатысты. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» республикалық форумы Көкше жерінде Мемлекет басшысының қатысуымен жоғары деңгейде өтті. «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аймақта үлкен резонанс тудырғандығына тоқтала кеткен жөн. Аталған жобаға облыстағы 37 ұйым мен мекеме қатысып, бір-біріне «Достық кітабын» табыс етіп отырды.
 Өскелең ұрпақ өкілдерімен жүргізілетін жұмысқа да біз көп көңіл бөлеміз. Облыстық ассамблеяның жастар қанаты  еңбек ұжымдарына барып, этносаралық татулық мәселелерін насихаттап, оқушыларды өңірдің шұрайлы аймақтарымен жан-жақты таныстыратын «Менің Отаным – Қазақстан» саяхатын өткізіп тұрады. Халықтық қолданбалы өнер шеберлері де түрлі көрмелерді ұйымдастырып, халықтың қолөнер бұйымдарына деген қызығушылығын оятуға сеп болуда.
Облысымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, татулық пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосу мақсатында Көкшетау қаласының мәдени демалыс саябағы мен Достық үйінің алаңында шығармашылық ұжымдарының, этно-мәдени бірлестіктер мен білім беру, мәдениет мекемелерінің  мерекелік концерттік бағдарламалары өткізіледі.  «Поющая Полония» поляк әндерінің дәстүрлі фестивалінде  облыстық поляк этно-мәдени бірлестігі өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Биылғы Сабантой барысында Көкшетаудағы татар мәдениетінің орталығы да өзінің ширек ғасырлық мерейтойын тойлады.
Біздің барлығымызды да ортақ Отанымыз – Қазақстанға деген шексіз махаббат,  кешегіміз бен бүгініміз, кемел келешекке деген ұмтылысымыз біріктіреді.  Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік елдің негізгі іргетасы да осы болса керек.
 «Қоғамдық келісім»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар