Ақпан Үкібаев атындағы орта мектебінің 1 «а» сыныбында «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі болып өтті.
Балаларымыз алғашқы және сүйікті кітаптары Әліппемен қоштасты. «Әліппемен қоштасу» олар үшін басты оқиға болды, себебі балалар өмірлеріндегі ең маңызды және ең басты межеден өтті. Олар оқуды және жазуды үйренді.
Біздің балаларымыз Білім әлемінде жүріп зор сүйіспеншілікпен ертегілер еліне еніп, өздерін жақсы әртіс пен сөз шеберлері болатындықтарын ғана көрсетіп қоймай, сұрақтарға жауап беріп, білімге деген құлшыныстарын таныта білді.
Ертеңгіліктің өте қызықты өткендігі соншалықты, мереке балаларымыздың естерінде ұзақ уақыт қалып, алдағы уақытта алға қойған мақсаттарына жету жолында өз көмегін тигізеді деген ойдамыз.
Мұндағы қызықты сценарий, залдың шығармашылық безендірілуі, әуенмен сүйемелденуі сынып жетекшісі Гүлжанат Масақбайқызының іске тыңғылықты келгендігінің айғағы. Балаларымызға қызықты әрі есте қаларлық шара ұйымдастырғаны үшін Гүлжанат Жүнісоваға шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Ақпан Үкібаев атындағы
орта мектептің 1 «а»
сынып оқушыларының
ата-аналары.
Жарқайың ауданы.