Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенім мен жауапкершілік біріктіруде - АРҚА АЖАРЫ

Сенім мен жауапкершілік біріктіруде

Бесінші шақырылған Зеренді аудандық мәслихатының құрамына он үш депутат кіреді. Олардың барлығы да «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

Осы орайда менің айтайын дегенім, алға мақсат қоймай, келешекті жос-парламай жұмыс істеу мүмкін емес. Сондықтан, әр депутаттың маңызды міндеттерді айқындайтын  өзінің сайлауалды бағдарламасы бар. Бесінші шақырылған мәслихат жұмысы басталғалы бері 40-тан астам сессия отырысы өткізіліп, 300-ге жуық маңызды мәселелер қаралды. Әсіресе, қоғам арасында өзекті, әлеуметтік маңызды сұрақтар күн тәртібінен түскен емес. Олардың көбісі депутаттардың өмірлік зор тәжірибесі мен іскерлік қабілеттерінің арқасында шешім табуда.
Қазақстандық қоғамның демократиялануы нәтижесінде мəслихаттың өкілеттілігі кеңейе түсті. Аудандық мəслихат депутаттарына ауылдық округ əкімдерін сайлау құзыретінің берілуі осы сөзімізге мысал бола алады. Сайланған əкімдердің мəслихат пен халық  алдындағы жауапкершілігі арта түсті.
Белсенді өмірлік ұстаным, еңбекке қабілеттілік, адамгершілік жəне тұрғындардың мəселесіне бейжай қарамау сезімі біздің депутаттарға тəн қасиет. Олар ауданның əлеуметтік-экономикалық даму деңгейін талдауға қатысып, бірлескен жұмысы оң нəтижесін берді. Соңғы алты айдың ішінде рейтингтік баға бойынша біздің өңір облыс аудандарының арасында 16-шы орыннан 5-ші орынға көтерілді.
Депутаттардың жұмысы мəслихат отырыстарына қатысумен ғана шектелмейді. Халық қалаулылары өздерінің сайлау округтеріндегі мәселелерге қанығып, олардың оң шешілуі үшін еңбек етуде. Әр сессия сайын біз қаржыландыру жəне бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалу мəселелерін қараймыз. Қажет болған жағдайда бюджетке байланысты шешімдерге түзетулер енгіземіз. Соңғы жылдары бұл тəжірибе өзінің тиімділігін көрсетуде.
Осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде елуге жуық адам аудандық мəслихатта депутаттық қызметтің қайнаған тіршілігіне араласты. Бұл ауданның жаңа басшылығының саяси жəне идеялық құрылу кезеңі болды. Олар өз ісіне деген жауапкершіліктің, адал еңбектің арқасында өз сайлаушыларының алдында зор сенім мен мəртебеге ие. Əріптестерім аудан əкімдігі жанындағы əртүрлі консультативтік-кеңестік органдардың жұмысына, қайырымдылық шараларына белсене қатысады. Мəселен, Иван Поздняков ауданның жер қорынан қолданылатын жерлерді бөлу комиссиясының құрамында болса, депутат Айгүл Балтабаева ауылда жұмыс істеу үшін  келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға əлеуметтік қолдау көрсету шаралары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру комиссиясының мүшелігіне кіреді. Депутат Гүлайым Шегенова да өз сайлаушыларымен ай сайын кездесіп, түйткілді мəселелерді шешіп отырады. Соның арқасында ауданымыздың екі елді мекеніне сапалы ауыз су тартылды, жолдар жөнделді, балабақша күрделі жөндеуден өтті.  
Кез-келген ұйым қызметінің табысты болуы ондағы жұмыскерлерге, олардың еңбекке деген ынталарына, мүдделілігіне байланысты болатыны сөзсіз. Депутаттар белсенді, бастамашыл болмаса, қарапайым тұрғындардың жағдайын ойламаса, көптеген проблемалық сұрақтар өз шешімін таппас еді.  Жоғарыда айтып өткенімдей, еліміздің басты саяси күші «Нұр Отан» партиясы мен біздің алға қойған мақсатымыз бір.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуырда ғана халыққа жария еткен Жолдауын тұрғындарға түсіндіруді, ондағы жоспарлардың орындалуын қадағалауды «Нұр Отанға» тапсырды. Демек, біздің жауапкершілігіміз бұрынғыдан да молая түсті деген сөз. Алдымызда қарқынды жұмыс науқаны тосып тұр. Барлық әріптестерімді, партия-
ластарымды елдік істі атқаруда тасада қалмай, мүдделілік танытуға шақырамын.  

Қайрат АУҒАЛИЕВ,
Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар