Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Соғым сойдыңыз ба? - АРҚА АЖАРЫ

Соғым сойдыңыз ба?

Желтоқсан айын еңсеріп барып ел соғымдарын жыға бастайды.

Қазір мал семірткендер де, соғымдық мал іздегендер де қызу, қарбалас шақта. Қырдағы малшы қауымға қаншама жем-шөбін жұмсап, еңбегін сіңіріп семірткен ақ адал малын пұлдап сату мұң. Ал, жалғыз жалақымен жан бағып отырған қала тұрғындарына жілігі татымдысы әрі арзаны керек.
Биылғы жылғы мал бағасы былтырғымен қарайлас. Қара мал да, жылқы да. Бұл арада дүниені дүрбелеңге түсірген доллар бағасының қырық құбылуының еш қатысы жоқ. Зеренді ауданына қарасты Жаңауыл ауылындағы шаруа қожалығының басшысы Құлан Болатовтың айтуына қарағанда, бүгін жұмсап алуға әбден жарайтын, бармақ қазы беретін тайлардың бағасы 180 мыңнан бастап 250 мыңға дейін. Баға арасындағы айырмашылық малдың бітіміне, күйіне байланысты.
Қала тұрғындарының мал семіртетін жағдайы жоқ. Сондықтан, дайынын сатып алуға мәжбүр. Бір есептен ауылдың тұрмыстық жағдайын көтеру үшін мал бағасының аздап болса да қымбаттағаны зиян емес. Жыл он екі ай бойы аяқты малды бағу азапты шаруа. Егер былтыр осы уақытта ауылдағы ағайын семіз байталды 350 мың теңгеге сатса, ол қаржы 2300 доллар болар еді. Биыл 2300 долларыңыз 700 мың теңге шамасында. Көкшетаудан шалғайда жатқан Жақсы ауданында мал бағасы да осы деңгейде. Жақсы ауылының тұрғыны Қайрат Ережеповтың айтуына қарағанда, бұл өңірде семіз тайдың бағасы – 200 мың теңгеден басталады. Құнан-байталдар 320-350 мың теңге төңірегінде. Үш елі қазы шығатын ту биелер 400 мың теңгеге таяу.
– Сиыр еті тым арзан,–дейді осы ауданның Ақкөл қаласының тұрғыны Есенбай Кереев, – келісін 800 теңгеден тапсырамыз. Меніңше бағаның төмендеуіне өткен жылы рубль бағасы құлаған кезде Ресейден арзан мал тасымалдау себеп болды. Қазір ол жақта да баға көтерілді деп естиміз. Білетіндердің айтуына қарағанда табындағы жылқы биылғы желтоқсан айында жауып тұрған жауынның кесірінен құлын тастай бастаған. Демек, екі жылдан кейін мал бағасы күрт өсуі мүмкін.
– Осы елдегі ауыл шаруашылығы алқаптарының игілігін көріп отырған ірі шаруашылық ұжымдары ағаш бауырындағы көк мұзды шынжыр табан тракторларымен қаусатып, тебіндегі малдың тісіне тиер шөпті ашса ғой, – дейді осы ауданның тұрғыны Абзал Асқаров, – әйтпесе елге өте қиын болайын деп тұр. Қиын емес, жұт. Айтса айтқандай, ашық, көсілген кең дала былай тұрсын, әншейінде көбік қары көпіршіп жататын ағаш бауырындағы киіздей ұйысқан өліқау, еркек шөп те мал аузына тимей тұр.
– Соғымым семіз болды, қазысы кірпіш, бұйырған ғой, – дейді түнеукүні омыртқаға шақырған Қоныс құрдасым, – өзін қаржыдан қысылып тұрған біреуден су тегінге алдым, – ендігі жылды кім білсін, биыл аш болмаймыз.
Иә, біздің қазақ ертеңін ойламайды ғой.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар