Осындай тақырыппен «Сарыарқа» мәдениет үйінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасында тәрбиеленетін балалар үшін аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы болып өтті.
Аудан басшысы Асылбек Исмағамбетов балғындарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, оқуда мол жетістіктер тіледі. Әр балаға тәтті толы себеттер мен ойыншықтарды салтанатты жағдайда табыс етті. Аспанға түрлі-түсті отшашу шашылып, балалар шыршаны айнала отырып ән шырқады. Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен театрлық би-ойын қойылымы ұйымдастырылды. Осы орайда, ауданға қарасты Новоникольск орта мектебінің оқушылары Аружан мен Аяжан Жабағина осынау әсерлі кеш үшін аудан басшылығының атына ризашылықтарын жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.