Биылғы жыл мен үшін жетістікке толы болды. Соның бірегейі Тәуелсіздік күні Ақордада бірқатар қоғам қайраткерлері мен еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен наградталғанда Елбасының кеудеме «Құрмет» орденін тағуы мені ерекше қуанышқа бөледі.
Өзім сонау 1975 жылы инженер-механик болуды қалап, Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдадым. Алдымен, механик, автотұрақ меңгерушісі, бас инженер болып жұмыс істедім. Бертін бұрынғы Балкашин ауданындағы «Веселый» кеңшарының директорлығына тағайындалдым. 2005 жылдан бері Шортанды ауданындағы «Жакен-1» серіктестігінің директоры қызметін атқарып жүрмін. Шаруашылықтың мол өнім алуына Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми негізделген ұсынысы игі ықпалын тигізді.
Биыл біздің серіктестік ауа райының қолайсыздығына қарамастан, гектарына 16 цент-
нерден бидай, 20 центнерден арпа жинады. Астықты уақы-тылы жинап алуға Целиноград ауданындағы Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр басқаратын «Родина» Агрофирмасы» серік-
тестігінің механизаторлары көмекке келді. Диқандар өздерінің «Класс» маркалы комбайндарымен және шетелдік тракторларымен қарқынды жұмыс істеді. Озық технологиямен 5 жыл бойы мол астық алып жүрміз. Әрине, ол үшін маңдай терін көп төгуге тура келеді. Жерді 4-5 рет өңдейміз. Былтырғы жылы жыртылған пардың әр гектарынан 22-25 центнерден бидай, 30 центнерден астам арпа жинап алдық. Көктемде жерді өңдеп, пар тырмалаймыз. Дәнді дақылдар «Хорш» және «Бюллер» сеял-
каларымен себіледі. Механизаторлар күні-түні жұмыс істеп, науқанды бір аптаның ішінде аяқтауды дәстүрге айналдыр-ған. Серіктестікте ағайынды
Павел, Юрий, Виктор Городецкийлер, ағайынды Шарыгиндер, әкелі-балалы Кузнецовтар мен Шурхавецкийлер сияқты диқандар жұмыс істейді. Олар дала жұмыстары кезінде жеңілдетілген бағамен тәулігіне төрт мезгіл тамақтанады. «Құрмет» орденіме ұжымымыз да үлестерін қосты. Мемлекет басшысы басқалар сияқты мені де өз қолымен марапаттағанда қатты толқыдым. Бұл мен үшін өмір бойы есімде қалатын биылғы жылдың басты оқиғасы дер едім.
Александр БРЕНЕР,
«Жакен-1» серіктестігінің директоры,
«Құрмет» орденінің иегері.
Шортанды ауданы.