Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл да бірге болайық - АРҚА АЖАРЫ

Биыл да бірге болайық

 Жыл сайын тарихы әріде жатқан «Арқа ажары» арқылы оқырман қауыммен қайта жүздесу бізге де бір ғанибет.

  Жаңа жылға санаулы ғана сағаттар қалған. Ал, біз болсақ, өздеріңізге газетіміздің 2016 жылғы алғашқы саны кідірмей жетуі үшін әлі де жұмыс орнымызда едік. Бірақ, бұл  тағы да бір қуанышты сезіммен қолға алып жатқан жылдағы үйреншікті ісіміз болатын. Енді міне, өткен жыл өз міндетін қылаусыз атқарып, тарих қойнауына озды. Одан күткен жақсылық оңынан оңғарылғандай. Ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш. Ынтымақ-берекемен алға зымыраған күндер айдан-айды артқа тастап, жылымызды жаңа табыстар, айтулы оқиғалармен айшықтап берді. Осының бәріне шүкіршілік еткенде, көңіл де жайлы бір әсермен демделе түседі.    
Ол сірә, өткенге қанағат сезімі болар. Әлемді дағдарыс деген кесапат әурелеген сайын біздің де ойымыз тіршіліктің анау-мынау ауанымен оң саққа барып қалады десек те, әзір жағдайымыз жаман емес. Елдігімізді ойлаған Елбасы халқымыздың әл-ауқатының төмендемеуі, қайта жақсара түсуі үшін қолдан келген шаралардың бәрін қарастыруда. Соның арқасында  тұтастай Қазақстанымызда да, өзіміздің  киелі Қараөткел, көрікті Көкшемізде де ауыз толтырып айтар игі істеріміз аз емес. Солардың біразы бізбен жылы қоштасқан өткен жылдың еншісінде. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап, елдігімізді көрсеткен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтіп, ерлігімізді паш еткен бұл жылға шынында да өкпе жоқ. Онымен қимай, толқып тұрып қоштасқанымыз да сондықтан.  
Олай болса, Жаңа 2016 жыл баршамызға құтты болсын! Бізге үкілі үміт артып отырған 9 мың оқырманымыздың көңілінен қалай шығамыз дейтін болсақ, бұл мәселенің де басы ашық. Қолымыздан келгенше газеттің мазмұнын арттырып, бет-бейнесін жасандырып, назарларыңызға өздеріңіз оқырлық дүниелерді көптеп ұсынсақ, мұның өзі 2017 жылы негізі қаланғанына бір ғасыр толатын «Арқа ажарының»  да абырой-беделін әріден ойлағанымыз. Ұжым болып қайтсек те осы биіктен көрінгіміз келеді. Сондықтан, біз де Сіз секілді қадірлі оқырман, өткен жылға рахметімізді айтып, Жаңа жылға жаңа үміт артамыз. Әманда сол ойлағанымыз бола түссін!
Қайырбай ТӨРЕҒОЖА,
«Арқа ажары» газетінің
бас редакторы.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар