Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал баққанға бітеді - АРҚА АЖАРЫ

Мал баққанға бітеді

Бурабай өңірі өзінің көркем табиғатымен ғана емес, еңбекқор азаматтарымен дәмге толы мол дастарханымен әйгілі.

Ел тұрмысының көрсеткіші күнделікті дастарханның молдығы емес пе. Ал, ол үшін әркім жанын салып, алдымен өз отбасының берекесі жолында еңбек етулері керек. Былайғы жұртқа үлгі қылу мақсатында еселі  еңбек етіп, өз ісімен жалпақ жұртқа өнеге болып жүрген Жылқыбай жайында бірер ауыз ықыласты сөз айтсам деп едім.  
Жылқыбай Ғалиакпаров осы Бурабайдың тумасы. Қарабауыр ауылында дүниеге келген. Ес білгеннен-ақ жүйрік аттың құлағында ойнап, өскен мал жайын жақсы білетін Жылқыбай еңбек жолын бұдан 27 жыл бұрын, жылқышы құрығын ұстаудан бастаған. 2003 жылы «Жас» шаруа қожалығын құрды. Мал өсіру үшін алдымен шүйгін шөпті, мол сулы жайылымың болуы қажет. Мол мал азығынсыз мал басын өсіру, көбейту тіпті де мүмкін емес. Осыны жақсы түсінген Жылқыбай 2800 гектарға егін септі. Егістік жерінің әр гектарынан орташа есеппен он центнерден өнім жинауда. Егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын да дамытып келеді. Өндірілген  мал өнімдері Бурабай баурайындағы сауықтыру орындарына өткізіледі. Өткен жылы 500 бас ірі қара малды бордақылайтын алаң да салып алды. Биыл «Жас» шаруа қожалығында 364 бас ірі қара қыстатып отыр. Оған қоса 275 бас жылқы, алты жүзге таяу қой бар. Жыл басынан бері 50 тонна қымыз дайындапты. Оның үстіне шаруа қожалығы өткен жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша 17 миллион теңгеге асыл тұқымды жылқылар сатып алған.
Жылқыбайдың табысты еңбегінде жұбайы Сәуле Қайырғожақызының да қосып отырған үлесі зор. Сондай-ақ, шаруашылықта Дулат Сәдуақасов сынды шопан, Жанар Исабаева сынды сауыншы және Қайыржан Хамзин, Руслан Біржанов, Әзімбек Оралов, Алмас Сұлтанов тәрізді малшылар мен жылқышылар еңбек етеді. Олар өз істерінің шеберлері, еңбек озаттары. Осындай жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп жүргендердің арқасында шаруа қожалығының аудан, облыс көлемінде мерейі үстем болып тұр.

Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
 басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар