Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыла кірісуге тиіспіз - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыла кірісуге тиіспіз

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында озық отыздықтан орын алуымыздың жай-жапсары қозғалып, ойдағымызды орындаудың жолдары саралана айтылды.

Президент қазіргі күллі әлемді бойлаған аласапыран заманның талабына сай әрекет етудің жолдарын көрсетіп, осы қысталаң шақтарда елімізді адастырмайтын бағыт-бағдарды белгілеп берді. Күрделі келешекке қарай аяқ басып бара жатқанымыз рас. Ертеңгі күніміз бұдан да ауыр  болуы мүмкін. Бұған әлемдегі алпауыт елдердің арасында болып жатқан текетірес те өзінің залалын тигізуде. Экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Көрпемізге қарай көсілетін шақ туды. Мұның бәрі біздер үшін сынақ болмақ. Осы кезде ең керегі  ынтымақ пен бірлік. Ол барда алынбайтын асу жоқ.  Сондықтан, міндет жүгін жұмыла көтеруге тиіспіз.
Жолдауда Елбасы тек мұнайға ғана сенудің қажеті жоқ екенін қадап айтты. Шикізаттық емес секторға, яғни, жеңіл өнеркәсіпті және басқа да салаларды дамытуға мән беруге екпін қойылып отыр. Қажетті киім-кешектер мен аяқ киімдерді өзімізде шығару керек.
Атап айтқанда, ішкі нарықта айналатын тауарларды өзіміз өндірсек, оның құндылығы теңгемен есептеледі. Күнделікті өмірге қажетті нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатып алатындығымыз да баса айтылды. Ал, доллар шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға қажет. Долларсыздандыру тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімнің нығаюына қол жеткізу маңызды.
Екіншіден, дағдарысқа қарамастан, халықты әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда. Президент 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға, білім беру – 29, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға артатынын жариялады.
Жолдауда еліміздің жас азаматтарына да айрықша назар аударылды. 2017 жылдан бастап мектеп бітірген әр түлек міндетті техникалық білім алмақшы. Осы құжатта көрсетілген бағыттардың орындалуына әр азамат өз үлесін қосуға тиіс. Барлығымыз бірлесе кіріссек, болашағымыз біртұтас ел екенімізді бекем сезінсек, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып,  Мәңгілік елге айналарымыз сөзсіз.

Асылбек ҚАРЖАУБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы
 «№10 сайлау округі»
 бастауыш партия ұйымының
төрағасы.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар