Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген қағидамен жұмыс істеп, Қазақстанды Мәңгілік ел ету жөнінде баса айтылды.
Бұл Тәуелсіз Қазақстанның ертеңіне қатысты міндеттерді белгілейтін құжат болғандықтан, Елбасының: «Стратегиялық бағдарлама – елдігіміз бен бірлігіміз», ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан», – деуінде үлкен мән бар. Осы орайда, «Ұлт Жоспары – 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы, қазақстандық қоғамның маңызды құндылықтарын біріктіретін Мемлекет басшысы алға тартқан «Мәңгілік Ел» идеясы жалғасын табады. «Қазақстан–2050» Стратегия-сында айтылған бағыттар бойынша мәдениет саласында талай шаруалар жүзеге асырылды. Соның ішінде, ауыз толтыра айтар бір мысал, Қазақстан Республикасы мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы қабылданды. Биылғы Жолдау да мәдениет саласында атқарылар істерге тың серпін беретіні сөзсіз. Келер жылы мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі де айтылды.
Елбасымыз айтқандай жаңа жаһандық дағдарыс өтеді, кетеді, ел болашағы – ұрпақ жалғастығы, ұлт құндылығы мәңгі қалады. Сол құндылығымызды құндақтап, келесі ұрпаққа жеткізу жолында атқарып жатқан жұмысымызды жандандыратын, еліміздің жарқын бақытты болашағы үшін жол көрсететін тағы бір тарихи құжат өмірге енді. Бәріміз қолдайық, жақсылығын бірге көрейік. Нағыз жұмыс істейтін кезең енді туды.
Жансұлу МҰҚАТАЕВА,
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы директорының
міндетін атқарушы.