Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл сыбағасы - АРҚА АЖАРЫ

Жыл сыбағасы

2016 жыл да, берекелі, мерекелі өткен жылдағыдай, айтулы оқиғаларға, жемісті белестерге толы болғалы тұр.

Солардың ішіндегі ең бастысы,  еліміздің өз егемендігін қолына алғалы ширек ғасыр жүріп өткен жасампаз да жарқын жолын айғақтайтын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі тойы. Жыл ішіндегі толайым істеріміз, еңбек тартулары, халқымыздың ізгі ниет, ақ пейілінен туындаған небір жақсы жоралғыларымыз  осы ұлық мерекеге арналатындығы анық.

Биыл сондай-ақ, қазақ жерінде 1916 жылы орын алған ұлт азаттық көтерілісіне – 100 жыл.

Бұл көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Әсіресе, халық батыры Амангелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі 50 мың адамға дейін қамтып, патша өкіметі құлатылғаннан кейін барып ғана тоқтады.     

Бұл жылдың еншісіне өз азаттығын аңсаған ұлтымыздың тағы бір ерлік белесі де жазылмақшы.

1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының бұрынғы Кеңес одағының отаршылдық,  әміршіл-әкімшіл саясатына қарсы шыққан  халқымыздың тарихындағы елеулі оқиға  болып табылады. Кезінде бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, өзге одақтас республикаларда да тоталитарлық  жүйенің іргесі сетінеуіне алып келген осы   оқиғаға да  биыл жыл аяғында 30 жыл толады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар