Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндіріс көлемін арттырамыз - АРҚА АЖАРЫ

Өндіріс көлемін арттырамыз

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Ұлт жоспары  – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы біз үшін өркенді іс-қимылға шақыру болып табылады.

Елбасының осынау маңызды құжатта «Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды. Жаңа құқықтық нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне олар жалға алған 97,4 миллион гектар жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50 пайызы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған. Бұдан бөлек, 102 миллион гектар запас жердің ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған 85,3 миллион гектарын да Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жекеменшікке аукцион арқылы сатып ала алады», – деп айтуы біз сияқты ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін  қуантып отыр.
Президент алға қойып отырған экономикалық өсімнің жаңа бастауын қалыптастыру мен қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда  міндеттер өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.   Осы орайда, Астана қаласының азық-түлік белдеуінің әлеуетін арттыру аясында Еңбекшілдер ауданында ірі жоба жүзеге асырылуда. Осы ірі жобаның кешенді бір саласы – ол біздің «ҚазГерҚұс» серіктестігі болып табылады. «ҚазГерҚұс» ЖШС – құс фабрикасының іске қосылуына байланысты Ақмола облысы Астана қаласы нарығындағы жұмыртқаға деген сұранысты 100 пайыз жауып отыр.
«ҚазГерҚұс» фабрикасы өндірістік әлеуеті бойынша жылына 300 миллион дана жұмыртқа, 102 тонна тартылған құс етін шығарды, 2015 жылы кешен 114 миллион теңгенің өнімдерін өндірді.
Елорданың азық-түлік белдеуін толық іс жүзіне асыру мақсатында Мемлекет басшысының берген тікелей тапсырмасының арқасында «ҚазГерҚұс» серіктестігі құс фабрикасының екінші кезеңі пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде мұнда  балапандарға арналған 2 цех және 650 мың тауыққа арналған 8 цех салынып, пайдалануға берілді. «ҚазГерҚұс» серіктестігінің құс фабрикасы толық қуатында өнім өндіру жобасына шығуына байланысты табысын еселей түсті.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысында жалпы құны 250 миллион теңгені құрайтын инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде 240 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
Борис ОЗДОЕВ,
серіктестік директоры.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар