Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот жүйесі де жетілдірілуде - АРҚА АЖАРЫ

Сот жүйесі де жетілдірілуде

Мемлекет басшысының Ұлт жоспарын іске асыруға  арналған мақаласында  құқық тәртібі мен заңдылық мәселесіне де баса назар аударылып отыр.

Өткен жылы елімізде сот төрелігі мен құқық тәртібін нығайту мақсатында бірқатар шаралардың қолға алынғандығы белгілі. Солардың бірі – жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі мен жаңа «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңының қабылдануы. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілгеніне Президентіміз аталған мақаласында кеңінен тоқталып өтті.
Елбасы Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау екенін де еске салды. Ол шынымен де солай. Сот төрелігін өз ісіне адал, білімі де, тәжірибесі де мол азаматтар жүргізуге тиіс. Мінеки, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда осы мәселе ескерусіз қалмады. Судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң тұрғысынан қарастырылған. Бұдан былай, судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық болады. Сот залдары сот істерін аудио және видеожазудың аппаратураларымен жарақтандырылады және жазбаларды тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді.
Бұл әріптестерімді және сот мәжілісіне қатысушыларды тәртіпке шақырып, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімім мол.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,
Ақкөл аудандық сотының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар