Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл межесі биік - АРҚА АЖАРЫ

Жыл межесі биік

Облыс әкімі Сергей Кулагин аппарат кеңесінде Жаңа жыл мерекесі күндері ұйымдастырылған кезекшілік туралы облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының есептерін тыңдап, Көкшетау қаласындағы бірқатар мекемелер мен өндіріс орындарын аралап көрді.

Аппарат мәжілісінде айтылғандай өткен жылдың 28-ші желтоқсанынан бастап,  2016 жылдың 4 қаңтары аралығында облыс бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.  Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі тас жолдар уақытша жабылды. Бұл күндері барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеді.  Жылу мен су жүйесі және электр қуатымен жабдықтауда еш іркіліс болған жоқ. Тек,  мереке күндері 19 тұрмыстық өрт оқиғасы тіркелді, адам шығыны жоқ.  
Кеңес барысында облыс әкімі 2015 жылдың қорытындысын шығарып, нақты міндеттерді белгіледі.
Облыс әкімі өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттырудың қажеттігін атап өтіп, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания-сы» акционерлік қоғамының басшылығына шаруашылықтардан қарыздарын қайтарып алуды тапсырды.  Сол күні облыс әкімі Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Өткен жылы жұмысын бастаған жеңіл өнеркәсіп «КөкшеАрнайыКиім» фирмасы бүгінгі таңда 700-ден астам киім үлгісін шығарады. Кәсіпорын басшысы, жеке кәсіпкер Елена Быданова өндіріс орнында дуальдық оқытуды енгізуді жоспарлап отыр. 2015 жылы кәсіпорында жобаларды басқарудың (Стандарт ISO 9001) қазіргі заманғы технологиялары игерілді, сондай-ақ,  мұнда киім пішудің JULIVI кешендік бағдарламасы бар. Өндіріс орнында болған облыс басшысы оның жұмысымен танысып, жергілікті ұйымдардан тапсырыс түсетінін сұрап білді.
– Біз өңірдегі мекемелер мен ұйымдарға әр түрлі мақсаттағы арнайы киімдер тігеміз. Қазіргі кезде, біздің кәсіпорын көпсалалы екенін білдіретін және сериялық өнімдерді шығару үшін қажетті сертификатты күтіп отырмыз. Сонымен қатар, біз осында дуальдық оқытуды енгізуді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпорын басшысы.
Осы орайда, облыс әкімі жергілікті кәсіпорындарға басымдық берілетінін ерекше атап өтті.
– Сіздердің өндірістік базаларыңыз ерекше. Ең бастысы тендерге қатысып,  жұмыс істеу қажет.  Ол  үшін қажетті құжаттарыңызды әзірлегендеріңіз дұрыс болады. Ал, біз өз тарапымыздан шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолдан келгенше көмектесетін боламыз, – деді Сергей Кулагин.
Сонымен қатар,  облыс әкімі Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы ғимараттында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен және Даңқ алеясы маңында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен таныс-ты. Осы орайда, аталған алея маңында тұрған жеке меншік жер үйлерді ысырып, орнына көпқабатты тағы бір үй салу қажеттігін атап өтті.
Ал,  2005 жылы «Аялау» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі демалу орталығы жөнінде айтатын болсақ, мұнда бүгінгі күні 65 бала келеді. Орталықта үйлерге барып,  әлеуметтік көмек көрсететін бөлім де бар. Онда 24 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар өздерінің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі 140 адамға, яғни, 18 жасқа дейінгі балалар және одан жоғары жастағы ересектерге үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсетеді. Кездесуде орталық басшылығы балаларды тасымалдау үшін «Газель» көлігі қажет екенін айтып,  көмек сұрады. Облыс басшысы бұл мәселені жақын уақытта шешу жөнінде қала әкіміне тапсырма берді. Осы күні облыс әкімі жаңадан салынған «Отау» базарында болып,  сатушы және тұтынушылармен де кездесті.

Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар