Онда «Есімі елімізге белгілі азамат Чапай Әбутәліповтің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын» делінген.
Жеделхатта Чапай Мүтәлләпұлының еңбек жолын ауыл шаруашылығы техникасының инженері болып бастап, ұдайы ізденіп, жетілу арқылы өзін жақсы ұйымдастырушы және қайраткер тұлға ретінде танытқаны атап көрсетілген. «Кезінде бұрынғы Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және облыстық Кеңестің төрағасы, республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты сияқты жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де қоғам өмірінен қол үзбей, өзінің білімі мен беделін, мол өмірлік тәжірибесін халқымыздың татулығы мен бірлігін нығайтуға жұмсады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын» делінген одан әрі жеделхатта.