Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мені мемлекеттің қолдауы қуантады - АРҚА АЖАРЫ

Мені мемлекеттің қолдауы қуантады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға жастардың да қосар үлесі зор болатынына сенімім мол. Осы орайда, есілдік жастар елдік істерге қашанда дайын.

Өйткені, біз көреген Көшбасшымыздың жастарға көрсетіп келе жатқан қамқорлығын айқын сезінудеміз. Осыдан біраз жыл бұрын мектеп оқушыларына арнап «Жас Ұлан» ұйымы құрылса, студенттер мен жұмысшы жастар «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының құрамында саясатқа, қоғамдық істерге белсене араласуда. Осының бәрі Елбасымыздың бастамалары екені рас. Ал, өткен жылы әр қалада, аудандарда  жастар ресурстық орталықтарының құрылғаны мүмкіндігімізді молайта түсті. Аудан жастары бірігіп, мәдени, спорттық, басқа да маңызды іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырамыз.  Өзім де кілең жастардан тұратын осындай ұжымда еңбек етіп келемін.
Өмірімнің қай белесін алып қарасам да, басқан әр баспалдағымда мемлекеттік қолдаудың болғанын көремін. Көкшетаудағы Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінде тегін оқып, «Жас Отанның» құрамында болуым, ал, қазір «Нұр Отан» партиясының  мүшесі атануым осы сөзімнің дәлелі іспеттес. Мемлекет тарапынан қолдау болмағанда өмірімде мұндай жетістіктерге жете алмасым анық.
Биылғы Жолдауда Елбасының кәсіптік білім жайлы айтқан ойлары маған қатты ұнады. Себебі, мемлекетіміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылуы үшін жұмысшы мамандардың қатарын толықтыруымыз қажет. Әрине, кәсіптің жаманы болмайды. Тек, заман ағымына қарай техникалық мамандықтарға басымдық бергеніміз абзал. Бұл орайда, мен Ұлт Көшбасшысының стратегиялық жоспарын толық қолдаймын.  

Гүлден СҮЙІРБАЙ,
аудандық жастар ресурстық орталығының әдіскері, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар