Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнетақы мен жәрдемақы өсті - АРҚА АЖАРЫ

Зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында дағдарысқа қарсы шаралар жөнінде кеңінен айтылып, Үкіметке нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктелген болатын. Соның ішінде  әлеуметтік саясаттың басым тұстарына тоқталар болсақ, Елбасы өз сөзінде экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік жағынан қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз деп айтқан еді. Осыған орай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылар 25 пайызға, инфляция деңгейіне байланысты ынтымақты зейнетақы 2 пайызға индекстеліп, Жолдауда айтылған әлеуметтік қорғау бағытындағы шаралар жүзеге асырылып отыр.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің  мөлшерін арттыру туралы» 2015 жылдың
10 желтоқсанындағы № 985 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдерінің мөлшері  9 пайызға арттырылады.

 

«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 30-шы қарашасындағы № 426-V Заңы бойынша биылғы жылдың  1 қаңтарынан бастап келесі көрсеткіштері белгіленген: жалақының ең төменгі мөлшері – 22 859 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 11  965 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 25 824 теңге, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдерді есептеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес айып санкцияларды, салықты және басқа төлемдерге қолдану үшін айлық есептік көрсеткіші (АЕК) – 2 121 теңге, базалық әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 22 859 теңге.
Сонымен, 2016 жылға зейнетақының ең төменгі төлемі (зейнетақы ең төменгі мөлшеріне  базалық зейнетақы төлемін қосқанда) – 37 789 теңге болып белгіленеді; жаңа тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ең жоғары табыс 86 961 теңге (41 АЕК) көлемінде бекітілді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты  және Қазақстан Республикасының «Мүгедектігі, асырау-шысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы туралы» 1997 жылдың 16 маусымдағы №126 Заңның 12 және 16 баптарында қарастырылған ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өзгеруіне байланысты,  жаңа жылдан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артады.
Сонымен, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы аурудың  1-ші топ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – 40 690 теңге, 2-ші топ – 31 775 теңге, 3- ші топ – 22 402 теңге, 16 жасқа дейін мүгедек балаларға – 29 946 теңге, 1-ші топтағы балалық шағынан мүгедектерге – 40 690 теңге, 2-ші топ – 33 146 теңге, 3-ші топ – 26 060 теңге; асырауындағы еңбекке жарамсыз 1 баламен асыраушысынан айырылған  жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы  мөлшері – 19 659 теңге, асырауындағы 2 баламен – 34 060 теңге, асырауындағы 3 баламен – 42 290 теңге болып бекітілді.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері арттыруына байланысты келесі мөлшерлері  арттырылады: Жерас-ты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы: №1 тізімі бойынша – 19 980 және №2 тізімі бойынша – 17 774 теңге; Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 66 621 теңге (31,41 АЕК),  төртінші және одан кейінгі балаларға – 111 035 теңге (52,35 АЕК).
Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы мөлшерлері: бірінші балаға – 12 217 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға –
14 445 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 16 650 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға – 18 877 теңге (8,90 АЕК).
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттiк ақшалай өтемақы, жаппай саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға төленетін (жеңілдіктер орнына) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың арттырылуы  АЕК  2 121 теңгеге  сүйене отырып  белгіленеді.
Мүгедек баланы (балаларды) асырап алған ата-анаға, асырап алушы, қамқоршыға (қорғаншыға)  ай сайынғы жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшерінде (1,05 ЕТЖМ) – 24 002 теңге төленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» 2015 жылдың 10-шы желтоқсанындағы № 986 қаулысына сәйкес әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға МӘСҚ-дан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өседі.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылдың 21-ші маусымындағы Заңның 73 бабы, 13 тармағына сәйкес, Үкімет Қаулысымен «1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған, мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қағидалары» 2015 жылдың 19 қарашасында № 928 болып бекітілген.
Зейнетақы төлемінің осы норманы іске асырудың нәтижесінде, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған прокуратура органының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері құқық қорғау органдарының, басқа да қызметкерлерінің  еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері салыстырмалы шегінде қарастырылады. Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әскери прокуратура органдарын қоспағанда, прокуратура органында қызмет атқарған қызметкерлерге 1998 жылғы 1 қаңтарға  дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта есептелуге жатады. 2016 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы істеріндегі құжаттар бойынша қайта есептелуде. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылдың 21 маусымдағы Заңның 73 бабы, 12 тармағына сәйкес, Үкімет Қаулысымен «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидалары» 2015 жылдың 24 қарашасында № 940 нөмірімен бекітілген. Осы Ереже бойынша, 2016 жылдың 1-ші қаңтарына дейін  толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу  ескеріле отырып, біржолғы қайта есептеу тәртібі айқындалды.
Үкімет Қаулысына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғанда оларды  толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеледі.
Сонымен, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан әскери қызметшілердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтараға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтама алынғаннан кейін 2016 жылғы 1 қаңтардан бас-тап жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының қызметтен босатылған (жеке құрамның тізімінен алып тасталған) күнгі еңбек сіңірген жылдары, еңбек өтілі, ақшалай қамтылуы ескеріле отырып, зейнеткерлік ісінде бар құжаттар бойынша Заңның 65-бабына сәйкес қайта есептеледі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 35 бабы 2-1 тармағына сәйкес әзірленген, Үкімет Қаулысымен «Отставкадағы судьяға өмір бойы ай сайынғы қамтылып төлеу қағидалары» 2015 жылдың
28 қарашасында № 961 болып бекітілген.  Қағидалар бойынша, отставкадағы судья өмір бойы ай сайынғы қамтылымды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін бір мезгілде ала алмайды.
Осыған байланысты, 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін отставкадағы судьяға өмір бойы ай сайынғы қамтылымды төлеу ол уәкілетті органға ай сайынғы өмір бойы қамтылымды тағайындау туралы өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдерін алушы тұлғалар үшін ай сайынғы өмір бойы қамтылымды төлеуді мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап уәкілетті орган жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Заңы бойынша 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін  қайта есептеу бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Виталий ГОРОДЕЦКИЙ,
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Ақмола облыстық филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар