Достық және шығар-машылық үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнал-ған «Үлкен Отан – үлкен отбасы» атты республикалық
акция өзгелер сүйсінген ынтымағымызды паш етті.
Аталмыш шараның ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Нариман Әбдірахманов сөз сөйлеп, халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгендігімізді мақтанышпен атап өтті.
–Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде үлкен өзгерістер орын алды. Қазақстан бұрынғы КСРО құрамында болған республикалардан экономикалық әлеуметтік даму бо-йынша алға шығып, қарқынды дамып келеді. Бүгінде Степногорск қаласы облысымыздың ірі өнеркәсіпті орталықтарының бірі болып отыр. Қалада жұмыс жасап тұрған көптеген өндіріс кәсіпорындары тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде нарық талабына сай өз жұмыстарын қайта құрып, серпінді даму үстінде. Бүгінгі күні қалада бірқатар жаңа өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс істеуде. Бұның бәрі тәуелсіздігіміз арқылы келген оң өзгеріс-
тер», – деді шешен өз сөзінде.
Ұлтаралық келісім, достық пен татулықтың кілті болған әлемдегі бірегей әмбебап азаматтық институт болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының неміс этномәдени орталығының атынан Клавдия Нұрбаева өзінің жылы лебізін білдірді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген игі өзгерістердің болғаны, жастарға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылғаны туралы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Азат Ерғалиев баяндады.
Салтанатты шара қалада тіркелген барлық этномәдени орталықтардың және қала жастарының күшімен қойылған театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен аяқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.