Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудың жылу-электр орталығын Қытай компаниясы салуы мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудың жылу-электр орталығын Қытай компаниясы салуы мүмкін

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин өңірімізге жұмыс сапарымен келген қытайлық «China Sinogy Electric Engineering Co.Ltd» (CSEEC) компаниясының басшыларымен кездесіп, Көкшетауда жылу-электр орталығын салу мүмкіндіктерін қарастырды.

  Су Инпин мырза бастап келген қытайлық компания өкілдерімен өткен кездесуде өңір басшысы облыстың екіжақты әріптестік орнатуға қызығушылық танытқан инвесторлар үшін ашық екенін атап өтті.
– Жаңа өндіріс орындары ашылып,  өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келе жатқан облыс орталығы үшін жылу орталығын салу маңызды. Біз осы мақсатта жақында израильдік компаниямен меморандумға қол қойған болатынбыз. Олар бізге өз мүмкіндіктерін ұсынды.  Дегенмен,  біз оларға бірден талаптарымызға сай аталған жобаның жүзеге асыруға ниетті әлеуетті компания табылып жатса, солармен жұмыс істейтінімізді ескерттік. Бізге ең бастысы, өзімізде шығарылатын Сарыадыр көмірін пайдаланған тиімді. Бұл бір жағынан, орталықты отынмен үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе,  екіншіден көптеген тұрақты жұмыс орны, әрі қаржы өзімізде қалады, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Кездесуде қытайлықтар өз мүмкіндіктерін ұсынып, жылу-электр орталығын салып беруге дайын екенін жеткізді. Осы орайда, жобаға қатысты ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдай келе, облыс әкімі Сергей Кулагин нысанның ең бастысы, экологиялық жағынан тиімді болуын алға тартты. Сондай-ақ, нақтылы бір шешім қабылдамастан бұрын, жобаның барлық нұсқаларын егжей-тегжейлі саралап барып, сосын ғана нақты бір тоқтамға келу жөніндегі кесімді пікірін айтты.
Сонымен қатар,  өңір басшысы инвесторларға Көкшетау қаласын жылумен қамтамасыз етіп отырған РК 1 және РК 2 ауданаралық жылу қазандығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын да қолға алуды ұсынды. Одан әрі Ақмола облысының әкімдігі мен қытайлық «China Sinogy Electric Engineering Co.,Ltd» (CSEEC) компаниясы арасында аталған ЖЭО салу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Кездесу соңында  тараптар бір-біріне кәдесый тарту етті.
Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында Ақмола облысының әкімдігі мен израильдік компания арасында Көкшетау қаласында қуаты 180 МВт электр және 450 Гкал/с-ты құрайтын ЖЭО салу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.
Әзірге, аталған нысанның құрылысын қай компания қашан қолға алатыны белгісіз. Алдағы уақытта Ақмола облысы әкімдігінің қойып отырған талаптарына сай жұмыс жасайтын компанияға басымдық берілетіні сөзсіз.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар