Соңғы жылдары Көкшетау қаласының келбеті жақсы жағына көп өзгерді. Бірқатар көшелер абаттандырылып, көп қабатты жаңа үйлер және еуропа үлгісіндегі коттедждер бой көтерді.
«Сарыарқа» жаңа шағын ауданында да әлеуметтік нысандар мен біршама тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Кейде қым-қуыт тірлікпен қаланың ана тұсы, мына тұсында кірпіштен қаланған жаңа бір үйлердің қалай тез салына түскеніне таң қаласың. Осының бәрі өз мамандықтарын жете меңгеріп алған құрыш қолды құрысшылардың ептілігі мен шеберлігінің арқасы. Әрі олардың дені өз ұлтымыздан екені де марқайтады.
Осындай 9 қабатты үйлердің бірі –
М. Горький көшесі бойында бой көтеріп келеді. Оның құрылысын Руслан Қасымов басқаратын «Строй-Сәт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір 5 разрядты тас қалаушы Асқар Сүйінжанов сияқты құрыш қолды құрылысшылар қаңтардың аязына қарамай, көп қабатты үйдің қабырғасын кірпішпен көтеруде. Озат тас қалаушы құрылыс саласында 30 жыл еңбек етеді. Ол өзінің мол тәжірибесін жас құрылысшыларға үйретуден жалыққан емес. Бүгінгі күні адал еңбегімен ұжымның құрметіне бөленіп жүр.
Суретте: озат тас қалаушы Асқар Сүйінжанов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.