Аудан орталығында шаңғы тебуден жарыс болып өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл спорт додасына биыл да қатысушылар көп болды.
Оның басым бөлігін мектеп оқушылары құрады. Үздіктер жас ерекшеліктері бойынша анықталды. Әсіресе, финалға алғашқылардың қатарында келіп, жеңімпаздар тұғырынан көрінген Диана Яценко, Петр Ермоленко, Ирина Гроссованың есімдерін ерекше атап өтуге болады. Бұл жарысқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшелері – Николай Чеботько мен Андрей Головконың және Евгений Величконың қатысуы жастардың шаңғы тебуге деген қызығушылығын одан
сайын арттыра түсті. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, әсерлі күннен естелік ретінде суретке түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.