Жерлесіміз Батухан Шырақпаев еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Тараз қаласында 1998 жылы туған және одан жоғары жастағы ерлер мен қыздар арасында қазақ, еркін және грек-рим күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр. Оған еліміздің әр өңірінен жиналған
500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынауда. Жарысқа Иран, Оңтүстік
Корея, Италия, Моңғолия және Беларусь елінен келген халықаралық деңгейдегі төрешілер төрелік етуде.
Осынау жарыста еркін күрес бойынша 61 келі салмақта боз кілемге шыққан ақмолалық Батухан Шырақпаев алтын медальға қол жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ел чемпио-натында топ жарғандар іріктеліп алынып, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдама үшін бақ сынайтын болады.
Аслан ОСПАНОВ.