Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясы болып өтті.
Сессияның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Николай Политкин, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы және мүшелері, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, облыстық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин сөз алғаннан кейін ұсынылған кандидатура дауысқа салынды. Сөйтіп, сессияда депутаттардың бірауыздан қолдауымен Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.