Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа кәсіби өлшем - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа кәсіби өлшем

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  департаментінде «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер, облыстық басқармалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен құқық қорғау құрылымдарының, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында сөз сөйлеген Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы, этика бойынша кеңестің төрағасы Қуанышбек Жапақов, департамент қызметкерлері Ерлаз Жайықбаев, Дархан Хайруллин, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Ғайса, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі аймақтық орталығының директоры Әлібек Баймағамбетов жаңа этикалық кодекстің негізгі басымдықтарын,  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызметтің нығаюы мен  дамуы, сонымен қатар, мемлекеттік аппараттың кәсіптік және автономдық қалыптасуын тілге тиек етті.
Мемлекеттік бағдарламалардың тез арада жүзеге асырылуы дұрыс басқарушылық шешімдерге байланысты болмақ. Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі, білікті кадрларды таңдап, келешегінен үміт күттіретін мемлекеттік қызметшілерді жоғарылатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін, оларға меритократия қағидаттарының  негізінде өзін-өзі дамытуы үшін бірдей жағдай туғызатындығын, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар қалыптастыратындығын атап өткен жөн.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы осы пікірмен бірауыздан келісіп, өз қызметтерінде жаңа заңнамаларды басшылыққа алатындықтарын айтты.
Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар