Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдымызда – сайлау - АРҚА АЖАРЫ

Алдымызда – сайлау

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау
туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.
2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалсын.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
 
 Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар. № 181

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар