Бүгінгі Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының алғаш ашылуы еліміз өз тәуелсіздігін алған 1991 жылы көкшетаулықтар үшін тамаша тарту болатын.
Сондықтан, биылғыдай айтулы жылы ширек ғасыр толғалы отырған Тәуелсіздік рухын асқақтату мақсатында театр ұжымы жыл бойы әр айдың 25-і күні көрерменге «Абылай», «Хан Абылай», «Кенесары-Күнімжан», «Махамбет», «Алдаспан», «Батырлық жолы», «Тіл табысқандар», «Қилы жол» сияқты ел бірлігін, ұлт мүддесін көздеген, жұртшылықты отансүйгіштікке баулитын танымды да тағылымды қойылымдар ұсынып отырмақшы.
Келіңіздер, көріңіздер! Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын өрісті өнермен өрнектейік!