Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарлама баянды болды - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарлама баянды болды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалық етуімен және облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен саяси кеңес бюросының отырысы болып өтті.

  Аталмыш шараға партияның депутаттық фракцияларының мүшелері мен әр бағыттағы комиссияларының төрағалары, аудандық филиалдар төрағаларының орынбасарлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ең бірінші болып сөз алған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Іс-әрекеттің ұлттық жоспары» сайлауалды бағдарламасының Ақмола облысында өткен жылы қандай деңгейде жүзеге асырылғандығын тілге тиек ете келіп, оның тоғыз түйінді бағытына кеңінен тоқталып өтті.
Білім саласында былтырғы жылы 2730 орынға арналған 28 мектепке дейінгі мекеме, 540 орындық 2 мектеп пайдалануға берілген. 173 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік білім алуға жағдай жасалып, 126 мектепте логопедтер мен дефектологтардың штаты енгізілген. Аймақтағы бұқаралық спорттың дамуы үшін 17 спорт алаңы, 4 хоккей корты және жасанды жабындысы бар стадион салынған. Тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында Аршалы ауданында фельдшерлік-акушерлік пункттің және басқа аудандарда
5 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.
Өзгермелі экономикалық нақтылық жағдайында ең сезімтал индикаторлардың бірі – еңбек нарығы. Облысымызда 2015 жылдың қорытындысы бойынша 11,9 мың жаңа жұмыс орны, соның ішінде 6,3 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, су және жылумен қамтамасыз ету желілерінің инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты жөніндегі комиссияның төрағасы Сергей Зиборов ҚР Ұлттық қорынан бюджеттік қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау бойынша жұмыс қорытындылары жайлы айтса, Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әнел Ерденова Ақмола облыстық мәслихатының «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жұмысы жайлы баяндап берді.
Аталмыш шараны қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов комиссиялардың атқарған жұмыстарына оң баға берді.

Жанат СӘБИТОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар