Салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық білім бөлімі «Отбасылық қысқы мәре» жарысын ұйымдастырды. Жарысқа отыздан астам отбасы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Жарысқа қатысушылар үш топқа бөлініп, күш сынасты. Алғашқы топта 7-9 жастағы, екінші топта 9-10, ал үшінші топта 10-12 жастағы балалары бар ата-аналар өнер көрсетті. Шаңғы жарысынан басталған сайыс спорттық
ойындармен жалғасты. Жарысқа қатысушыларға жанкүйер болып келген көпшілік те шарадан тыс қалмады. Са-йыс соңында жеңімпаздар анықталып, олар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мәдина НҰРТАЗИНА.
Атбасар ауданы.