Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар келелі ой түйді - АРҚА АЖАРЫ

Жастар келелі ой түйді

Облыстық әділет департаменті Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасымен бірлесіп, жастарға «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты тақырыпта құқықтық дәрістеме ұйымдастырды.

Шара барысында аталған департаменттің басқарма басшысы Манар Байғожина Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжі мен гуманитарлық техникалық лицей шәкірттеріне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясы мен 2015 жылдың 30 қарашасында халыққа арнаған Жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті.
Әсіресе, елімізде осы жоспарды іске асыру мақсатында бірқатар жаңа заңдардың қабылданғанына, жыл аяғына дейін тағы басқа да заңнамалық актілерге  өзгерістер енгізу көзделіп отырғанына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамытуға үлкен мән беріліп отырғаны  тілге тиек етілді.
Пікір алмасу кезінде Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің оқушылары Фариза Еншілес пен Лашын Аманбек 2017 жылдан бастап жастардың тегін кәсіптік білім алатынына, жас буынның жұмысшы мамандықтарын меңгеруі қажеттігіне қолдау білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Облыстық кітапхана жанынан құрылған «Серпер» клубының төрағасы Бақытберді Қуатхан замандастарын Жолдауды жүзеге асыруға белсене араласуға шақырса, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» көрмесінен де көпшілік келелі ой түйді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар