Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тиімді жағы қарастырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Тиімді жағы қарастырылуда

Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтің төрағалығымен «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан  бас-тап Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң өз күшіне енді. Оның басты мақсаты  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру болып табылады.
Аудан әкімі аппараты қызметінің  басшысы Дина Әменова Әдеп  кодексінің негізгі ережелері туралы баяндама жасап, заң бойынша мемлекеттік қызметшілердің тұрмыстағы және жұмыстағы жеке тәртібі осы кодекспен қадағаланатындығына баса назар аударды.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметке қабылдау  талаптары  жа-йында да айтылды. Енгізілген жаңа өзгерістерге сай үміткер үш кезең бо-йынша сынақтан өтуі шарт. Сондай-ақ, қызметке қабылданған үміткердің үш жылда бір  рет міндетті түрде біліктілігін арттырып отыруы қажет.
Жиында барлық мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексін меңгеріп, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес моральдық-этикалық нормаларды сақтайтындығына сенім білдірілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар