Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүрекке жете түсті - АРҚА АЖАРЫ

Жүрекке жете түсті

 Көкшетау техникалық институтында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіріп, насихаттау жөнінде шара болып өтті. Оны институт басшысының орынбасары, подполковник Сайранбек Бекмағамбетов ашып, кезекті Жолдау көкейкесті мәселелерді көтеріп отырғандығын атап өтті.

  Одан әрі сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова 1 қаңтардан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын, бұл барлық қиындықтарды жеңуге сеп болатын, ұлт мүддесі үшін жасалған бағдарлама екендігін айта келіп, бүгінгі дағдарыс уақытында жастардың бірқатары жұмыссыз жүргендігі, бізде құрылысшы, электрик сияқты мамандардың жетіспейтіндігі міне, жастар осындай жұмысшы мамандықтарын игеруді, сөйтіп, қоғамнан өз орындарын табуды ойламай болмайтындығы жөнінде орынды пікірлерді ортаға салды.
Подполковник Дәулет Шаяхимов Президент Жолдауының  «Мәңгілік Ел» болуды мақсат еткен мән-маңызына тоқталып, осы жауапкершіліктің жастарға да молынан жүктелетінін жеткізді.
Оқу-әдістемелік бөлімінің капитаны Әсем Бекмұхамбетова өз сөзін  ұлт болашағы білімді жастардың қолында деп түйіндеді. Жолдаудың қоғамымыз үшін алар орны ерекше екенін түсінген жастар да сөз алып, ел болып әлемді дүрліктіріп жатқан қиындықтардан ойдағыдай шығатындығымызға, өздерінің парызы туған елін, Отанын көздің қарашығындай қорғау екеніне нық сенімдерін білдірді.
Ақынбай СӘРСЕНБИ.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар